Қарағандыда жемқорлыққа қарсы көшпелі отырыс өтті
Қарағандыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өңірдегі жұмыс қарқыны мен негізгі мәселелері талқыланды. Облыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бойынша басты мақсат – жастармен жұмыс. Себебі шаһарда білім алушы студенттер өте көп. Сондықтан олардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, ортаны тәрбиелей білу керектігі айтылды.
Жазира Жылқышиева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері:
Осындай көшпелі отырыстар әр өңірде өтуде. Өткен айда Атырау облысында өткіздік, бүгін Қарағанды облысында. Ең басты мәселе қандай жұмыстар атқарылып жатыр, қандай мәселе бар соны және шешім жолдарын талқыладық.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner