Астанада тұңғыш рет боччадан халықаралық турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада тұңғыш рет боччадан халықаралық турнир өтеді

Астанада тұңғыш рет боччадан халықаралық турнир өтеді

Қазақстанда тұңғыш рет боччадан халықаралық турнир өтеді. Байрақты бәсекеге 14 елдің спортшылары қатысады. Бұл туралы Бочча Федерациясының өкілдері хабарлады. Жарысқа тіркелу жалғасуда, сондықтан қатысушылар саны әлі де көбеюі ықтимал. Өйткені аталмыш додада 2028 жылы Лос-Анжелесте өтетін Паралимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай беріледі. Турнир Астанада тамыздың 20-28 аралығында болады. Қатысушылар жекелей, жұптық және командалық сында жүлделерді сарапқа салады. 

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу