Месси мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Месси мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін

Месси мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін

Аргентиналық футболшы Лионель Месси мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz. сайты жазды. Футболшымен «Әл-Хилал» командасының президенті Фахд бин Нафель келіссөз жүргізіп жатыр. Ол бұл трансферді жүзеге асыру үшін АҚШ-қа барып, Мессидің әкесі Хорхемен кездескен. Алайда әлі нақты шешім қабылданбаған. Дегенмен америкалық клуб та ойыншымен қоштасқысы келмейді.

Айта кетейік, 38 жастағы Мессидің «Интер Майамимен» келісімшарты 2025 жылдың соңында аяқталады.

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу