Түркістан облысында ағын судың көлемі азайып барады
Түркістан облысында биыл жауын-шашынның аз болуы мен қуаңшылық салдарынан ағын су тапшы. Салдарынан Өзбекстаннан келетін трансшекаралық каналдарда судың көлемі 30 пайызға азайып кеткен. Мәселен, Шардара су қоймасында өткен жылы осы кезеңде 4 млрд 200 млн текше метр су жиналса, қазір небәрі 2 млрд 400 текше метр су бар. Яғни екі есеге аз. Ал Өзбекстаннан келетін Зах, Ханым каналдары мен Келес өзенінде секундына небәрі 28 текше метр су келіп жатыр. Мақтарал, Жетісай мен Шардара аудандарына келетін Достық каналында да судың көлемі секундына 50 текше метрге дейін азайған. Салаға жауаптылар шаруаларға суды кестемен беруге көшті.
Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:
20-маусымнан 1-шілдеге дейін Сайрам ауданына ескертілді. Оған дейін су беріліп келді. Он күнге суды тоқтатып, біз ол суларды Отырар ауданына беріп жатырмыз. 1-шілдеден Түлкібас ауданы мен Ордабасы ауданында он күнге суды тоқтатамыз. Ол сулар Сауран ауданына, Сайрам ауданына берілетін болады. Шаруаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кестеге сәйкес тиімді суды пайдалану жұмыстары жүргізілуде.
Айнұр Әбілқасымқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner