Әскерге шақырту енді SMS арқылы келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әскерге шақырту енді SMS арқылы келеді

Әскерге шақырту енді SMS арқылы келеді

Енді әскерге шақырту қағаз түрінде емес, 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы келуі мүмкін. Азаматтар ақпараттың шынайылығын eGov кабинетінен тексере алады. Қазір тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр. Әскерге шақыру тәртібіндегі өзгерістер туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев айтты. Оның сөзінше, бұл заң қабылданғаннан кейін жастарды көшеден күштеп әкету секілді жағдайлар болмайды. Ал егер азамат шақыртуды елемеген жағдайда, бұл мәселе Әкімшілік кодекс аясында қаралады. Айыппұл мөлшерін уәкілетті органдар белгілейтінін атап өтті.  

Темірлан Нұрсолтан

Автор
Редакция
Бөлісу