Қайтарылған активтер есебінен 61 мектеп пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қайтарылған активтер есебінен 61 мектеп пайдалануға берілді

Қайтарылған активтер есебінен 61 мектеп пайдалануға берілді

Қайтарылған активтер есебінен 61 мектеп пайдалануға берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ақпарынша, соңғы 3 жылда мемлекетке 1,15 трлн теңгеден астам мүлік пен қаржы қайтарылды. Олардың қатарында бизнес-орталықтар, жер телімдері, люкс көліктер мен тұрғын үйлер бар. Заңсыз қаражаттың бір бөлігі 89 мектеп салуға берілді. Соның 28-нің құрылысы биыл басталады. Осы оқу жылында пайдалануға берілген мектептердің бірі – №97 мектеп гимназиясы. 1600 орынға лайықталған оқу ордасында бүгінде 2400-ден астам бала білім алуда.

Руслана Қапарова, №97 мектеп гимназиясы директорының міндетін атқарушы:

Мектепті салуға 4 млрд-тан аса ақша, қаражат бөлінген. Қазіргі кезде мектебіміз жарық әрі жылы, 1 жылдан астам қолданыста болды. Мектеп 1600 балаға арналған. Қазіргі уақытта мектебімізде 2464 оқушы бар. 2 ауысымда оқиды. Үш ауысымды болып кететіндей қауіп бар. Бірақ біз қазір акимат айтты ғой, балалары тұрақты мекен жайы бойынша оқу керек.

Динара Жарқынбек

Автор
Редакция
Бөлісу