Универсиадада Қазақстан намысын 73 спортшы қорғайды
Шілденің 16-27 аралығында Германияның Рейн-Рур қаласында отыз екінші Бүкіләлемдік жазғы Универсиада ойындары өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 73 студент спорттың 12 түрінен ел намысын қорғайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының өкілдері хабарлады. Универсиадаға дайындық және қатысу шығындарын Ғылым және жоғары білім министрлігі қамтамасыз етеді. Сондай-ақ әлемдік дода жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйақы беріліп, жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігіне ие болады.
Еске сала кетейік, атлеттеріміз Қытайда өткен Универсиадада 2 алтын, 7 күміс пен 11 қола жеңіп алған еді.
Асылбек Данияр
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner