Түркияның 22 аймағында күн күрт ысыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Түркияның 22 аймағында күн күрт ысыды

Түркияның 22 аймағында күн күрт ысыды

Түркияның 22 аймағында демалыс күндері ауа температурасы 40 градустан асып кетті. Ең ыстық ауа райы Шанлыурфа қаласында тіркелді — +48 градус.

Мамандардың айтуынша, өткен аптада ел аумағындағы ауа температурасы қалыпты жағдайдан 9 градусқа жоғары болған. Ірі қалалардың губернаторлықтары тұрғындарды күндізгі сағат 11:00 мен 16:00 аралығында қажетсіз көшеге шықпауға, әсіресе балаларды далаға шығармауға шақырды.

Дегенмен синоптиктер алдағы бір-екі күнде ауа температурасы қалыпты жағдайға түсетінін айтып отыр.

Айдос Әшімұлы


Автор
Редакция
Бөлісу