Мәскеуге «Корнелиус» циклоны келді
Мәскеуде ауа райы қауіптілігінің сары деңгейі жарияланды. Солтүстік Атлантикалық «Корнелиус» циклоны салдарынан Ресей астанасында күн күрт суып, толассыз жаңбыр жаууда. Мәскеуде тәулігіне жауын-шашынның айлық мөлшерінің 15%-ы түсті. Сонымен қатар желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетті. Салдарынан қалада көлік кептелісі күшейіп, кей әуе рейстері кейінге шегерілді. Мамандар алдағы күндері күн тағы суытатынын айтады. Тверь және Ярославль өңірінде де толассыз жаңбырдан үйлерді су шайып кеткен.
Индира Бегайдар
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner