Астанада бокстан Әлем кубогы басталды
Астанада бокстан Әлем кубогы басталды. Жаһандық жарысқа 30-ға жуық елден 300-ден астам спортшы келді. Бұл Олимпиадалық World Boxing ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, 2-орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі. Бүгін 5 боксшымыз ел намысын қорғайды. Әйелдер арасында 4, ал ерлерден 1 спортшымыз шаршы алаңға шығады. Дүбірлі дода 6 шілдеге дейін болады.
Шахмұрат Мүтәліп, Қазақстан Бокс федерациясының президенті:
Ливерпульда өтетін Әлем чемпионаты алдындағы бір дайындықты пысықтайтын, тәжірибе алмасатын соңғы жарыстардың бірі болып саналады. Біріншіден, өз елімізде өтіп жатқаннан кейін, екіншіден, жігіттер де, қыздар да даярлықтарын шыңдап келді бұл жарысқа. Сондықтан әрқайсысынан болса да, жоғары деңгейдегі медаль күтеміз, жүлделі орындардан көрінетініне сеніміміз мол. Бұл - Ливерпульде өтетін Әлем чемпионаты алдындағы бір дайындықты пысықтайтын, тәжірибе алмасатын соңғы жарыстардың бірі болып саналады.
Ернұр Медет
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner