Лондонда теннистен Үлкен Дулыға турнирі басталды
Бүгін Лондонда теннистен Үлкен Дулыға турнирі басталды. Жарыста Қазақстан сапынан бірінші болып әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева кортқа шығады. Отандасымыздың қарсыласы – әлемнің 12-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимова. Матч Қазақстан уақытымен 19:30-ға жоспарланған.
Айта кетейік, Юлия былтыр Уимблдонның үшінші айналымында сол кездегі әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті ұтып, спорттық жолында алғаш рет төртінші айналымға дейін жеткен еді. Бұдан бөлек ел намысын жекелей сында қорғайтын еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина, ерлерден Александр Бублик, Александр Шевченко мен Бейбіт Жұқаев ертең бақ сынайды.
Асылбек Данияр
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner