Нью-Делидің жаңа басшылығы «қоқыс таудан» арылуға уәде берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Нью-Делидің жаңа басшылығы «қоқыс таудан» арылуға уәде берді

Нью-Делидің жаңа басшылығы «қоқыс таудан» арылуға уәде берді

Үндістан астанасы Нью-Делидің шетінде үлкен «қоқыс тау» пайда болды. Оның биіктігі 72 метрге жеткен. Аумағы 50 футбол алаңымен бірдей. Бұл проблеманы қаланың бірнеше рет ауысқан үкіметінің ешқайсысы шеше алмаған. Ал жергілікті дәрігерлердің айтуынша, «қоқыс таудан» тарайтын улы газ бен өрттің түтіні жақын маңда тұратын адамдардың денсаулығын нашарлатып, жерасты суын ластап жатыр. Дегенмен, Нью-Делидің жаңа басшылығы сайлау қарсаңындағы уәдесін орындау мақсатында 2026 жылдың наурызына қарай бұл таудан арылуға сөз беріп отыр.

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу