Мәскеу мен Баку арасында шиеленіс күшейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мәскеу мен Баку арасында шиеленіс күшейіп барады

Мәскеу мен Баку арасында шиеленіс күшейіп барады

Ресей мен Әзербайжан арасында дипломатиялық жанжал күшейіп барады. Дүйсенбі күні Бакуде Ресейдің «Спутник» агенттігінде екі журналист тұтқындалды. Бірақ жергілікті үкіметтің хабарлауынша, олар – Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің агенттері.

Бұл шиеленістің басталуына жұма күні Екатеринбургте екі азербайжандық күдіктінің тұтқындау операциясы кезінде қаза табуы себепші. Сол оқиға үшін Баку Ресей вице-премьерінің Әзербайжанға сапарын доғарып, ресейлік музыканттардың концертіне тыйым салған. Мәскеу болса, күдіктілер «нәсілшілдік негізде өлтірілді» деген уәжді жоққа шығарып, Әзербайжанның әрекеттерін айыптап отыр.

Арыстан Рысбек


Автор
Редакция
Бөлісу