Елімізде 220 мың адам жасанды интеллект технологияларын меңгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде 220 мың адам жасанды интеллект технологияларын меңгерді

Елімізде 220 мың адам жасанды интеллект технологияларын меңгерді

Елімізде 220 мың адам жасанды интеллект технологиялырын меңгерді. Онлайн өткен оқу бірнеше бағытты қамтыған. Соның бірі - ChatGPT негіздерін 215 мың адам үйренген. Тағы 4 мың адам «QazCoders» IT сабақтарын таңдаған. Ұйымдастырушылар 108 мың қатысушының жоғары баға алғанын айтады. Еске салсақ, Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін ЖИ негіздерін 1 миллион адамға үйретуді тапсырды. Бұл ретте Generative Nation бағдарламасының аясында 300 мың студент арнайы сабақтардан өтпек.

Жанел Өтеулі


Автор
Редакция
Бөлісу