Израильдің шабуылынан 22 адам мерт болды
Израиль әуе күштері теңіз жағасындағы дәмханаға соққы беріп, 22 адамды мерт қылды. Мұны Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, құрбандардың ішінде әйелдер мен балалар және жергілікті журналист бар.
Бұл кафе кейінгі кездері аптап ыстықтан сақтанатын және демалатын орынға айналып, оған әйелдер мен балалар көбірек барған. Израиль болса, қарулы топтардың командалық және бақылау пункттерін бомбалағанын айтады.
Жалпы алғанда соңғы тәулікте Израиль Газада кемінде 60 адамды өлтірді. Бұл шабуылдар Израильдің ресми өкілдері АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы атысты тоқтату туралы ұсынысын талқылау үшін Вашингтонға аттанар сәтте жасалып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner