Қазақстанда бала асырап алудың тәртібі өзгерді
Қазақстанда бала асырап алудың тәртібі өзгерді. Бүгіннен бастап отбасына орналастырудың жаңа түрі «Кәсіби қабылдаушы отбасы» жүйесі енгізіліп жатыр. Кәсіби қабылдаушы отбасыларға мемлекет тарапынан арнайы қаржылық қолдау ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш жәрдемақы және 70 айлық есептік көрсеткіш жалақы төленеді. Кәсіби қабылдаушы отбасылардың бала асырап алу мерзімі 6 ай мен 1 жыл уақыт аралығында жүзеге асады. Мерзім аяқталғаннан кейін баланы төрт санат бойынша отбасыларға орналастырады. Асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылық, патронат, кабылдаушы отбасыларға беріледі.
Гүлжайнат Төлегенова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы:
Кәсіби қабылдаушы отбасы ол ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытша орналастыру түрі. Онда 4 санаттағы балалар қабылданады. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар және панасыз немесе қараусыз қалған балалар.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner