Былтыр травматологиялық қызметтерге 2,5 миллионнан астам адам жүгінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Былтыр травматологиялық қызметтерге 2,5 миллионнан астам адам жүгінген

Былтыр травматологиялық қызметтерге 2,5 миллионнан астам адам жүгінген

Былтыр травматологиялық қызметтерге 2,5 миллионнан астам адам жүгінген. Бұл туралы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры айтты. Өткен жылы травмопунктер 1 млн 210 мың адамды қабылдаса, емханалардағы травматологтарға 1 млн 389 мың адам жүгінген. Олжас Бекәрісовтың сөзінше, бүгінде елде 4173 травматологиялық төсек-орын бар. Оның 852-і балаларға арналған. Ал қалпына келтіру және оңалту үшін 2251 төсек саны қарастырылған.

Темірлан Нұрсолтан


Автор
Редакция
Бөлісу