Эверест шыңындағы қоқысты теруге дрондар қолданыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Эверест шыңындағы қоқысты теруге дрондар қолданыла бастады

Эверест шыңындағы қоқысты теруге дрондар қолданыла бастады

Әлемнің ең биік шыңы – Эвересті де қоқыс басып барады. Сондықтан бұл тауды кейбіреулер «дүниенің аспанмен таласқан қалдықтар полигоны» деп атайтын болды. Осы қоқысты жинап, төменге жеткізу үшін дрондар қолданылып жатыр. Пилотсыз аппараттар былтырғы сәуірден бері жерге бір тонна қоқыс түсіріпті. Биіктігі 8850 метр болатын Эверестің басына 1953 жылдан бері 7 мыңдай альпинист көтеріліпті. Кейбір мәліметтерге қарағанда, олардан қалған қалдықтардың жалпы салмағы 50 тоннадан кем емес.

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу