Елена Рыбакина жарысты сәтті бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елена Рыбакина жарысты сәтті бастады

Елена Рыбакина жарысты сәтті бастады

Уимблдонның 2022 жылғы чемпионы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жарысты сәтті бастады. Үлкен Дулыға турниріндегі бірінші кездесуінде әлемдік рейтингте 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянды жеңді. Бірінші сетте отандасымыз 5:0 есебімен басымдыққа ие болды. Сол сәтте Элина есепті 2 ұпайға қысқартқанымен, Елена брейк жасап, алғашқы партияда жеңіске жетті. Екінші сетте де еліміздің бірінші ракеткасы қарсыласқа еш мүмкіндік қалдырады. Матч: 6:2, 6:1 есебімен түйінделді. Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездескен. Ол кезде де Рыбакина өзінің мықтылығын көрсеткен. Жерлеміздің келесі қарсыласы – грекиялық Мария Саккари.

Сондай-ақ ерлерден жекелей сында бақ сынаған барлық теннисші жарыс жолынан шығып қалды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингіде 55-орында тұрған испаниялық Хауме Муньярдан жеңілді. Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді. 5 сетке созылған сын 3:2 есебімен испан спортшысының пайдасына шешілді. Бұдан бөлек рейтингтің 98-сатысына жайғасқан Александр Шевченко америкалық теннисшіге 3:6, 5:7, 6:7 есебімен есе жіберді. Тұңғыш рет Уимблдонның негізгі кезеңіне жолдама алған қазақ баласы – Бейбіт Жұқаев алғашқы айналымда Италия өкілінен айласын асыра алмады.

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу