Жасанды интеллектіні зерттейтін қауымдастық құрылуы мүмкін
Орталық Азияда жасанды интеллектіні зерттейтін сарапшылар мен ғалымдардар қауымдастығы құрылуы мүмкін. Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» қатысушылары осындай ұсыныс айтты. Мемлекет басшысы да бұл бағытқа үлкен көңіл бөлу керектігін айтып келеді. Өйткені 2030 жылға қарай цирфрландыру және жасанды интеллектінің әлемдік жалпы ішкі өнімдегі үлесі 15 трлн долларға жетеді деген болжам бар. Сондай-ақ аталған қос саланың арқасында 300 млн жұмыс орны ашылады. Сондықтан қазірден бастап жасанды ителлектіні күнделікті өмір мен экономикаға ендіру мәселесін тездету керек. Ең бастысы оны зерттеп жүрген ғалымдардың басын қосу маңызды.
Әйгерім Бахтиярова, Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» қатысушысы:
Себебі Қырғызстанда, Өзбекстанда ғалымдар жасанды интеллект бойынша диссертация жазып жатыр. Қазақстанда диссертация жазып жатқан бірен-саран адам бар, бірақ ең өкініштісі - біздің сарапшыларымыз, ғалымдарымыз бір-бірін біле бермейді.
«Талдау мектебінің» аналитикалық материалдар жинағы таныстырылды
Айта кету керек, Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» 4-легі жасақталды. 70-ке жуық қатысушы білім беру ісіндегі инклюзия, гендерлік теңгерім, жасыл энергетиканы дамыту, өнеркәсіпті өркендету, заң шығару қызметінде жасанды интеллектіні қолдану сынды 7 бағыт бойынша жұмыс істейді. Бүгін мектеп түлектерінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі аналитикалық материалдар жинағының таныстырылымы өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Біз бүгінгі және бұған дейін жарық көрген барлық материал жинағын Парламент депутаттарына, салалық мемлекеттік органдарға, талдау орталықтарына, университеттерге жолдаймыз. Сондай-ақ ашық жариялаймыз. Осы ретте бұл еңбек жоба аясында дайындалған үшінші ұжымдық аналитикалық зерттеу екенін атап өткен жөн.
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
