Солтүстік Қазақстанда тұрғындар ерекше челлендж бастады
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары қарағандылықтарға ерекше челлендж жолдады.
Басты мақсат – спирттік ішімдіктен бас тартқан ауылдар санын көбейту. Игі бастаманы Есіл ауданының тұрғындары қолға алып, Шал ақын ауданындағы Еңбек ауылы жалғастырды.
Оразбай Жанғарин, ауыл тұрғыны:
Арақ-шарапсыз өткізіледі, той болсын, қандай іс-шаралар болсын. Оған міне, жастарымыз әбден бейімделген. Елімізде осындай ауылдардың саны көбейген сайын үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.
Осылайша Солтүстік Қазақстан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 20-ға жуықтады. Еңбек ауылының тұрғындары челленджді Қарағанды облысына жолдады.
Азамат Ишматов, учаскелік полиция инспекторы:
Еңбек ауылының тұрғындары ішімдіктен бас тартып салауатты өмір салтын ұстанады. Соңғы 5 жылдың ішінде қылмыстық іс және құқық бұзушылық орын алмаған.
Эльмира Кәленова
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner