Астана әуежайынан қару өткізбекші болғандар көбейген
Әуежайда қару алып өтпекші болғандар көбейген. Соңғы 5 жылда кастет, пышақ, таяқшаны өзге елге жасырын алып кетуге бекінген 92 адам сотталды. Осыған байланысты Астанадағы әуежайда қаруды тапсыруға арналған жәшіктер орнатылды. Ұшаққа мінер алдында, яғни тексерістен өтпей тұрып, тыйым салынған заттардың бәрін соған салуға болады. Осы қадамға барып, заңбұзушылықтан бас тартқандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Бас прокуратураның айтуынша, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған бұл бастама сәтті іске асып жатыр. Қазірдің өзінде жазаға тартылмай тұрып, қаруды өз еркімен тапсырып жатқандар бар.
Жанел Нұрболат
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner