«СҚ-Фармация» басқарма төрағасы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы тағайындалды

«СҚ-Фармация» басқарма төрағасы тағайындалды

Денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай дистрибьютор - «СК-Фармация» компаниясында басшылық ауысты. Бір жыл ғана қызметте болған Еркен Жақатайдың орнына Нұрлыбек Асылбеков тағайындалды. Бұл өзгеріс компанияға қатысты дау-дамайдан кейін болып отыр. Бұған дейін Мәжілісте депутаттар дистрибьютордың жұмысында көптеген кемшілік барын айтып, логистика мен сатып алудағы шикіліктерді көтерген. Осыған байланысты құқық қорғау органдарына тексеріс жүргізу туралы ұсыныс жасалды. Жаңа басшы Нұрлыбек Асылбеков бұған дейін Шымкенттегі фармация басқармасын басқарған.

Динара Жарқынбек


Автор
Редакция
Бөлісу