Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Qoldau» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Qoldau» акциясы өтті

Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Qoldau» акциясы өтті

Алматыда кәсіп иелеріне жан-жақты көмек көрсететін кезекті «Qoldau» акциясы өтті.

Шараны Мемлекеттік кірістер басқармасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп ұйымдастырды. Акция барысында кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтерді жеңіл әрі жылдам алу, сондай-ақ бизнес жүргізудегі әкімшілік кедергілерді азайту бойынша кеңестер берілді.

Сондай-ақ бизнес иелері жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге қатысты сауалдарын жолдады. «Мұндай шаралар кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жақсартады. Сонымен қатар бизнес иелерінің белсенділігін арттырып, цифрлық форматтағы мемлекеттік қызметтерді тиімді қолдану мәдениетін қалыптастырып келеді», – дейді мамандар.

Бүгінде аталған ауданда 9 мыңнан астам заңды тұлға мен 45 мыңға жуық жеке кәсіпкер тіркелген.

Берік Қайыпов, Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:

Қазір жаңа Салық кодексіне қатысты сұрақтар көп түсіп жатыр, өйткені алып-қашпа әңгімелер бар. Сонымен қатар көтеріліп жатқан мәселелер – мобильді аударымдар және декларацияны қалай толтыру керек деген сауалдар. «Қолдау» акциясының негізгі мақсаты – шағын және орта бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу ғана емес, нақты көмек көрсету. 

Жазира Оразқызы

Автор
Редакция
Бөлісу