Түркияда орман өртінен 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Түркияда орман өртінен 2 адам қаза тапты

Түркияда орман өртінен 2 адам қаза тапты

Түркияда орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Измир қаласында екі адам қаза тапты. Қазір бұл өңірде жасыл желек жетінші күн жанып жатыр.

Осындай шақта күрдтердің «Өрт балалары» атты қарулы тобы алты қалада бірнеше жерге от қойғанын мойындады. Сондай-ақ содырлар мамыр айында жарияланған Күрдістан жұмысшылар партиясымен байланысы бар екенін мәлімдеген.

Жалпы алғанда, соңғы күндері Түркияның бес провинциясында 200 үй өртеніп, 50 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

«Анадолы» агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні лапылдаған жалын туристер көп баратын Анталия провинциясы мен Ыстанбұл маңындағы орманды аймаққа да жеткен.

Айдос Әшім

Автор
Редакция
Бөлісу