Израильдің шабуылдарынан Газада 69 адам қаза тапты
Газа секторында Израильдің шабуылдарынан 69 адам қаза тапты. Мұны осы палестиналық сектордың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Снарядтардың бірі босқындар орналасқан мектепке тиіп, 15 адамды мерт қылған. Сонымен қатар Израиль әуе күштері гуманитарлық көмек алу үшін кезекте тұрған көпшілікке соққы бергенде 38 палестиналық жан тәсілім еткен. Алайда Израиль армиясы бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.
Айта кетсек, Газада Израиль-Хамас соғысы 2023 жылы қазанның 7-де еврей мемлекетінің оңтүстігінде 1200 адам өлтірілгеннен кейін басталды. Содан бері Израиль армиясының шабуылдарынан Газада 56 мыңнан астам адам құрбан болған.
Арыстан Рысбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner