Мемлекеттік қызметкерлер кибергигиена бойынша білім алады
Бірнеше ай ішінде барлық мемлекеттік қызметкер кибергигиена, яғни цифрлық қауіпсіздік бойынша білім алады. Себебі олар мемлекеттік дерекқорлардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты. AI-SANA жиынына қатысқан Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев осылай деді. Astana Hub алаңында өткен басқосуда елдегі ЖИ бастамалардың нақты қадамдарын талқыланды. Бүгінде оқушыларға арналған ЖИ бойынша Tumo school, ал студенттерге Tomorrow school сынды бағдарлама бар. Енді ересектерге, әсіресе мемқызметтегілерге үйретуді жолға қоймақшы. Жиынға қатысушылар түрлі сала бойынша пікір алмасып, сарапшылар баяндамаларын ұсынды.
Сейітжан Сыпабеков, Galamat Group құрылтайшысы:
Менің 5 минуттық баяндамам бар. Денсаулық сақтау саласындағы жасанды интеллект туралы. Мысалы, денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект бүкіл қаржыландыру үнемділігі тіпті 30-35 пайызға жеткізуі мүмкін.
Джон Колс, Haileybury Astana мектебінің директоры:
Жасанды интеллект өте жылдам дамып келеді. Әсіресе білім беру саласында. ЖИ қазақстандық балаларға зор мүмкіндік береді. Алайда оның қиындықтары да бар. Бұл олардың шығармашылық ойлау қабілетіне кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан біз өскелең ұрпақты болашаққа қалай дайындайтынымыз туралы ойлануымыз керек.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner