Камбоджада Қазақстан азаматы құлдықтан құтқарылды
Камбоджада Қазақстан азаматы еңбек құлдығынан құтқарылды. Шетелге қонақүйде жұмыс істеу үшін барған отандасымыздың қауіпті жағдайын білген еліміздің ішкі істер министрлігінің интерполы Камбоджадағы әріптестеріне сұраныс жолдаған. Осылайша екі тарап қызметкерлерінің бірлескен шұғыл әрекетінің арқасында отандасымыз елге аман-есен оралды. Қазір шетелге жұмысқа орналастырамын деп алдап, заңсыз еңбекке тартуға әрекеттенген адамдарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ Лаос еліне жұмысқа барған Қазақстан азаматы да ұқсас жағдайдан кейін құтқарылған. Ішкі істер министрлігі шетелде жұмыс ұсынғандардың барлығына бірдей сенуге бола бермеймінін ескертеді.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner