Ереуіл салдарынан Филадельфияда қоқыс жиналмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ереуіл салдарынан Филадельфияда қоқыс жиналмай жатыр

Ереуіл салдарынан Филадельфияда қоқыс жиналмай жатыр

АҚШ-тың Пенсильвания штатының Филадельфия қаласын қоқыс басып барады. Мұндай жағдайдың қалыптасуына мыңдаған жұмысшының ереуілге шығуы себеп болды. Тазалыққа жауапты мекемелердің жұмысы тоқтап, өзге қызмет түрлері де зардап шегіп жатыр.

Қала билігі мен кәсіподақтар арасындағы келіссөздер сәрсенбі күні нәтижесіз аяқталған. Жаңа кездесу жоспарланып отырған жоқ.

Тараптар арасындағы даудың басталуына Филадельфия басшылығының түрлі сала мамандарының қашықтан жұмыс істеуіне тыйым салу жоспары себепші. 

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу