Орман өрті: Измирде жүздеген адам баспанасыз қалды
Түркияның Измир провинциясында орман өрті тұрғындар кварталдарына жетті. Соңғы мәліметке қарағанда, миллиондаған ағаш күлге айналып, жүздеген адам баспанасыз қалған.
Жалынды сөндіруге тікұшақтар мен аспаннан су төгетін ұшақтар тартылып жатыр. «Анадолы» агенттігінің хабарлауынша, Эгей теңізі жағалауындағы курорттық Чешме қаласына баратын кейбір жолдар жабылды.
Тағы бір айта кететін жайт – бейсенбіден бері Анталья провинциясы мен Ыстанбұл маңындағы ормандар да жана бастаған.
Тілсіз жаудан төнген қауіпке байланысты апта басында Түркияда 50 мыңнан астам адам эвакуацияланған.
Арыстан Рысбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner