Ақмола облысында «Ұлы дала әуені» атты флешмоб өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақмола облысында «Ұлы дала әуені» атты флешмоб өтті

Ақмола облысында «Ұлы дала әуені» атты флешмоб өтті

Ал Ақмола облысында ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлы дала әуені» атты кең ауқымды флешмоб өтті.

Ежелден ән-жырдың алтын бесігі атанып, сал-серілердің мекені болған Көкшетауда аудан мен ауылдан келген домбырашылар бас қосты. Сөйтіп, Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін бір мезгілде үш мыңға жуық өнерпаз орындады. Игі шараға сондай-ақ, кәсіби оркестрлер, фольклорлық ансамбльдер, дәстүрлі әншілер мен күй шеберлері де тартылды. Осылайша, бұл мереке ұлтттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың дәстүрлі мәдениетке қызығушылығын оятуға бағытталды.

Бисара Мәкенова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Домбырамызды қолынан түсірмейтін қазағымыздың жаны, күйі, жүрегі осы біздің домбыра күніне құтты болсын айтқым келеді. Бұл бабаларымыздан келе жатқан аманат. Сондықтан аманатты кейінгі ұпақтарға табыстау - біздің міндетіміз.

Әйгерім Нұрбекқызы, Қосшы қаласының тұрғыны:

Ұлттық домбыра күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Мен «Адай», «Балбырауын», «Сарыағаш», «Еркем-ай», «Ерке сылқым», т.б. керемет халқымыздың атақты күйшілерінің күйлерін білемін.

Бибінұр әмірханқызы

Автор
Редакция
Бөлісу