Ақтөбеде нашақорлықтың алдын алуға арналған акция өтті
«НаркоStop!» Осындай атаумен Ақтөбеде нашақорлықтың алдын алуға арналған акция өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығы мен қалалық прокуратура мұрындық болған шараның мақсаты: жастар арасында есірткі қылмысының таралуына жол бермеу. Сонымен бірге, зиянды әдеттен аулақ болуға үндеу. Шараға 20-ға жуық белсенді қатысып, үйлер мен ғимараттарға салынған граффитилерді өшіріп шықты. Сондай-ақ тұрғындарға есірткі саудасына қатысты тараған ақпарат болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Серік Меңдібай, қалалық прокуратураның аға прокуроры:
Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көбіне осы қаланың ескі бөлігінде, теміржол вокзалы маңайы мен орталық базар маңын, сонымен қатар халықтың көп шоғырланатын жерлерін қарадық. Көп қабатты үйлер мен ескі жарнамалардың сілтемелері көп болатын жерлерді жойып, профилактика жүргіземіз.
Асылбек Данияр
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner