Ұлттық банк ата-аналарға ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ұлттық банк ата-аналарға ескерту жасады

Ұлттық банк ата-аналарға ескерту жасады

Алаяқтар енді кәмелетке толмаған балаларды құрыққа түсіре бастады. Ұлттық банк дабыл қағып, ата-аналарға ескерту жасады. Қазір алаяқтардың ең көп қолданатын тәсілдері – фишинг пен спуфинг. Яғни, адамдардың паролін, банк картасының мәліметін және басқа да құпия ақпаратын ұрлау үшін жалған сайттарға немесе мобильді қосымшаларға сілтеме жібереді.

Осыған байланысты Ұлттық Банк ата-аналар мен мұғалімдерге балаларға интернетті дұрыс және қауіпсіз пайдалануды үйрету керек деп отыр. Әр ата-анаға баласының телефонына «ата-ана бақылауы» функциясын қосып, антивирус орнатып, браузердің қауіпсіз режимін пайдалануға кеңес береді. Сонымен қатар балалары интернет арқылы бірдеңе сатып алғанда немесе банк картасын қолданғанда қадағалау керек.

Мамандар тек балалар ғана емес, ересектер де мына кеңестерді есте ұстау қажет дейді. Мысалы жеке деректерді еш жерде жарияламау керек. Ол дегеніңіз банк картасының нөмірі, CVV коды, SMS-пен келген растау коды, жеке куәлік мәліметтері, туған күн мен жеке сәйкестендіру нөмірі. Бұл деректер арқылы алаяқтар ақшаңызды иемденіп кетуі мүмкін. Ал күмәнді қоңырау түскен жағдайда сабыр сақтап банктің ресми телефонына хабарласқан дұрыс.

Елдос Есенбол


Автор
Редакция
Бөлісу