Франциядағы орман өрті: 100-ден астам адам жараланды
Францияда алапат орман өрті Марсель қаласының шетіне жетті. Соңғы мәліметке қарағанда, тілсіз жаумен күрес кезінде 100-ден астам адам жараланған. Олардың арасында полицияның 22 офицері мен 9 өрт сөндіруші бар. Қала мэрі жалын басылып келе жатыр, бірақ әлі толық бақылауға алынған жоқ деп мәлімдеді. Жергілікті ақпарат құралдары хабарлағандай, 400 адам үйлерін тастап кеткен. Марсельдің солтүстігінде басталған алапат өрт, 700 гектар аумақты күлге айналдырды.
Ал дүйсенбіде аптап ыстық пен ұйытқыған желден Францияның өзге аудандарына да от тез тарап, 2 мың гектар жасыл желек жанып кетті.
Арыстан Рысбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner