Астана мен Алматыда «Лу Бань» шеберханасы ашылады
Автокөлік жасаудағы әлемге әйгілі «Лу Бань шеберханасы» биыл күзде Астана мен Алматы қаласында да ашылмақ. Алғашқысы былтыр Өскемендегі Дәулет Серікбаев атындағы техникалық университетінде пайдалануға берілген. Парламент Мәжілісінің спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында осы шебархананың жұмысымен танысты. Бұл шеберхана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің 2023 жылғы мамырда Сианда өткен «Орталық Азия – Қытай» саммиті барысындағы уағдаластықтардың нәтижесінде іске асты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламнеті Мәжілісінің төрағасы:
Технология мен ЖИ дамыған заманда, біздің жастарымыз көштен қалып қоймас үшін, мемлекетміздегі сол технологияларды дамыту үшін осы «Лу Бань» шеберханасын елімізде тағы да кеңінен таратуымыз керек. Қазір Астанада одан кейін Алматыда ашылады. Қытай мемлекеті мен білім саласындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің нағыз жарқын үлгісі. Бұл еліміздің инновациялық-технолгиясына жұмыс жасайтын жоба.
Уран өндіру қарқын алады
Өңірге сапары барысында Мәжіліс төрағасы «Үлбі» металлургия заутының жұмысымен де танысты. Зауыт жылына 200 тонна уран отынын өндіруге қауқарлы. Кәсіпорын француз және қытай компанияларында халықаралық сертификаттаудан өтіп, Қазақстанның ядролық саласының стратегиялық нысаны ретінде танылды. Бүгінде зауытта 200-ге жуық адам еңбек етеді. Ал «Алтай» көтерме-тарату орталығы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға, өңдеуге және өткізуге арналған. Мұнда 45 мың тоннаға дейін өнім сақтауға болады.
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
