ІІМ: Мыңнан аса заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар ІІМ: Мыңнан аса заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

ІІМ: Мыңнан аса заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

Ал елімізде «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы полиция қызметкерлері белсенді азаматтармен бірлесіп, рейдтер өткізіп, заңсыз қоқыс тастау орындары мен қалдықтарды төгу фактілерін анықтап жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2 жарым мыңға жуық рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Оның 1 мың 256-ы жойылды. 480 мыңнан астам құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды. Жергілікті атқарушы органдарға құқықбұзуды жою туралы 1 500-ден астам ұсыныс жолданды. Айта кетейік, егер сіз де заң бұзушылық байқасаңыз, 102 немесе 109 қызметіне хабарлаңыз.

Ақниет Балтанова

Автор
Редакция
Бөлісу