Мал емдеу ісіндегі маңызды мамандық
«Жануарлар жанашыры — ардақты маман». Дәл осындай тақырыпта Жамбылдағы Сарыбұлақ ауылында ветеринария мамандарымен кездесу өтті. Ауыл кітапханасындағы жиынға мектеп оқушыларының келуі де бекер емес. Олар жануарлар әлемін жақсы көретінін айтып, жанашыр мамандарға өз сұрақтарын қойды. Ветдәрігерлер ауыл шаруашылығын алға сүйреп отырғанын айтты. Өйткені бүгінде мал шаруашылығы халықты түрлі тағам өнімдерімен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді. Ал төрт-түліктің түрлі кеселге шалдықпауын, мал өнімдерінің адам денсаулығына зиян келтірмеуін ветеринар қадағалайды. Сондықтан жиында ауылдық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Әуеловке құрмет көрсетілді.
Бақытжан Әуелов, Сарыбұлақ ауылдық округі Ветеринария бөлімінің басшысы:
«Дәрігер – адамды емдейді, ветеринария – адамзатты емдейді» деген сөз бар. Сол себепті осы мамандықты таңдадым. Біздің нақты жұмысымыз ең бастысы ешқандай жұқпалы ауру шығармау, ауруларды алдын ала емдеу, профилактикалық вакциналарды енгізу.
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
