Мемлекет басшысы АҚШ президентінің баж салығы туралы хатына жауап берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қазақстан Президенті еліміз Американың бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті. Сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner