Қарағанды облысында еріктілер су қоймасының жағасын ретке келтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында еріктілер су қоймасының жағасын ретке келтірді

Қарағанды облысында еріктілер су қоймасының жағасын ретке келтірді

Қарағанды облысы Саран қаласында еріктілер мен «Жасыл ел» еңбек жасағы су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты. «Таза ел-таза болашақ» экологиялық акциясына 70-ке жуық адам үлес қосты. Жалпы Саран қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғалы коммуналдық ұйымдармен қатар 5 мыңнан астам адам экологиялық шараларға қатысқан. Тазалық жұмыстарының нәтижесінде 35 000 тонна қалдық арнайы аумаққа шығарылды. Қаланы көгалдандыру жұмыстары да қарқынды алған. Биыл Саран көшелеріне түрлі ағаштардың 5 мың түп көшеті егілген. Бұған қоса тарихи-мәдени ескерктіштер маңы ретке келтірілді.

Мұхаммед Жексембаев, ерікті:

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өз қаламыздың тазалығына үлесімізді қосып жатырмыз. Біз үшін мұндай игі істер еңбекпен шыңдалу ғана емес, өмірлік тәрбие мектебі.

Жандос Бақытұлы

Автор
Редакция
Бөлісу