Ақтауда жұмысшы жастар арасында шағын волейболдан жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтауда жұмысшы жастар арасында шағын волейболдан жарыс өтті

Ақтауда жұмысшы жастар арасында шағын волейболдан жарыс өтті

Ақтауда жұмысшы жастар арасында шағын волейболдан жарыс өтті. Турнир «Жұмысшы мамандықтар жылы - жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» атты әлеуметтік жоба аясында ұйымдастырылған. Мақсат – жұмысшы жастарды салауатты өмір салтына баулып, ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Жарысқа облыстағы өндіріс орындарынан барлығы 16 команда қатысты.

Данияр Жұбанысов, жарысқа қатысушы:

Командалардың дайындығы өте керемет. Бірінші ойында өте мықты қарсылас болды. Әрең дегенде жеңісті алдық. Келесі ойынға одан да мықты қарсыластар түседі деп ойлаймын. Мекеме атынан аптасына 2 рет спорттық жаттығуларға қаржы бөлінеді. Спорттық комплектер жалданады. Өте керемет бағдарлама ұйымдастырылады.

Аягөз Оралбайқызы

Автор
Редакция
Бөлісу