Шардарадағы жағажайлардың тазалығы талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шардарадағы жағажайлардың тазалығы талапқа сай емес

Шардарадағы жағажайлардың тазалығы талапқа сай емес

Алакөлдегі жағдайдан кейін еліміздегі шомылу орындарының тазалығы мен қызмет көрсету сапасы тексеріле бастады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те Шардара су қоймасындағы жағажайлардың жағдайын көріп, көңілі толмады. Өйткені жұрт шоғырланған орындардың тазалығы сын көтермейді. Сақтық шаралары сақталмаған.

Туристік нысандардың жай-күйімен танысқан аймақ басшысы жауапты тұлғалар мен жағажай жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге анықталған кемшіліктер бойынша сын-ескертпелер айтты. Жағажайларда қажетті талаптар сақталмаса, олармен келісімшартты тоқтату керектігін жеткізді. Жауапты басқарма басшылары мен жергілікті билік өкілдеріне осы мәселе бойынша шұғыл шара қабылдауды тапсырды.

Айнұр Әбілқасымқызы

Автор
Редакция
Бөлісу