Өзбекстанда жаз басталғалы дала өрті көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Өзбекстанда жаз басталғалы дала өрті көбейген

Өзбекстанда жаз басталғалы дала өрті көбейген

Өзбекстанда дала өрті көбейген. Тілсіз жау шарпыған жерлердің жалпы аумағы 15 мың гектарға жуықтайды. Өткен демалыста Ташкент облысының Шымған демалыс аймағында қызыл жалын тұтанды.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан құрғақ шөптер мен бұталардың жанып жатқанын көруге болады. Төтенше жағдайлар қызметі тілсіз жау толық сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ. Алайда өрттің табиғатқа келтірген зияны орасан. Мамандар өрт шарпыған аумақтың көлемін есептеп, өсімдіктер мен жабайы жануарлар қаншалықты зардап шеккенін анықтап жатыр.

Базаркүл Отыншиева 

Автор
Редакция
Бөлісу