Аукционға құны 352 млн теңгені құрайтын 25 сағат қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Аукционға құны 352 млн теңгені құрайтын 25 сағат қойылды

Аукционға құны 352 млн теңгені құрайтын 25 сағат қойылды

Құны 352 млн 321 мың теңгеге бағаланған 25 қол сағаты аукционға қойылды. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы E-Qazyna.kz веб-платформасына жариялаған тауарлардың арасында бастапқы бағасы 150 миллион теңгеден асатын сағат бар. Оның тек 30 данасы шығарылған. Ал сағаттағы жауынгерлер 18 караттық алтыннан ойылып жасалған. Сондай-ақ тізімде 21 млн 897 мың теңгеге бағаланған сағат та бар.

Айта кетейік, аукционға E-Qazyna платформасында тіркелген барлық пайдаланушылар қатыса алады.

Темірлан Нұрсолтан


Автор
Редакция
Бөлісу