Киік етінің бағасы 1600 теңге деп бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Киік етінің бағасы 1600 теңге деп бекітілді

Киік етінің бағасы 1600 теңге деп бекітілді

 Киік етінің келісі 1600 теңге деп бекітілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, басты міндет – ет комбинаттарын өніммен қамтамасыз ету. Қазір ел көлемінде осындай 18 кәсіпорын тіркелген. Барлығында ветеринариялық бақылау бар.

Еске салсақ, биыл Батыс Қазақстан облысында ақбөкен санын реттеу жұмыстары басталды. Авиациялық есепке сәйкес, өңірде 2 миллион 300 мың бас киік бар. Ғалымдардың болжамынша, популяцияға залал келтірмей, оның тек 20 пайызын, яғни 460 мыңдайын ғана атуға болады.

Динара Жарқынбек

Автор
Редакция
Бөлісу