Универсиада: Жүзуші А.Мырзамұратов жартылай финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Универсиада: Жүзуші А.Мырзамұратов жартылай финалға жолдама алды

Универсиада: Жүзуші А.Мырзамұратов жартылай финалға жолдама алды

Бүгін Универсиада ойындары ресми түрде басталды. Жарыс жолына алғаш болып жүзушілер шықты. 100 метрге брасс әдісімен жүзуден Айбат Мырзамұратов жартылай финалға жолдама алды. Отандасымыз бұл қашықтықты 1:1:22 миллисекунда жүзіп өтті. Қорытынды есепте 13-орыннан көрінді. Финалдың жолдамасы бүгін кешке сарапқа салынады. Осы сында бақ сынаған тағы бір қазақстандық Артур Миронов 25-сатыға жайғасты. Сондай-ақ 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бақ сынаған екі спортшымызда іріктеуден өте алмады. Бұдан бөлек көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы көп сайыс бойынша жүлдеге таласады.

Асылбек Данияр


Автор
Редакция
Бөлісу