Қазақстанда бидай экспорты бір жылда 58%-ға өскен
Бидай экспорты бір жылда 58 пайызға өскен. Бұл астық бағасына да әсер етті. Қазір үшінші сұрыптағы астықтың бір тоннасы 90 мың теңгеге дейін жеткен. Дегенмен ішкі нарықта тапшылық жоқ. Елде 6 жарым миллион тоннадан астам астық қоры бар, оның басым бөлігі - бидай. Бұл ретте экспорт бағыттары да айтарлықтай өзгерді. Сала мамандарының айтуынша, бүгінде қазақстандық астық әлемнің 45-тен астам еліне жөнелтіліп жатыр.
Марлен Оспанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы:
Тасымалдау бойынша, Бельгия, Польша, Португалия, Нарвегия секілді мемлекеттер, сондай-ақ Аман, Катар мемлекеттерімен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Солтүстік Африка мемлекеттеріне де сынамалық партия ретінде жеткізіліп жатыр.
Жанел Өтеулі
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner