Алматыда ірі орман тәлімбағы салынады
Мамандар Алматыда ірі орман тәлімбағын салу үшін арнайы құнарлы топырақ дайындап жатыр. Бұл оңтүстік астананың экологиясын жақсарту мен жасыл желек қорын молайтудағы маңызды қадам болмақ. Қазіргі таңда Алматыда жергілікті климатқа бейімделген ағаш пен бұта көшеттерін өсіретін арнайы алаң жоқ. Сондықтан жас көшеттерді отырғызу үшін аумағы 150 гектар болатын тегіс әрі климаты қолайлы жер телімі таңдалған. Болашақ тәлімбақ көгалдандыру жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірдегі жасыл желектердің сапасы артады. Жоспар іске асса мұнда жыл сайын миллиондаған көшет өсіріліп, агроорман шаруашылығының инфрақұрылымы дамиды дейді мамандар.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner