Жетісу облысында қоқыс полигоны үш айдан бері өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жетісу облысында қоқыс полигоны үш айдан бері өртеніп жатыр

Жетісу облысында қоқыс полигоны үш айдан бері өртеніп жатыр

Жетісу облысына қарасты Бесқайнар ауылында қоқыс полигоны 3 айдан бері өртеніп жатыр. Түтін ауыл ішін жайлап, тұрғындарды әбден мезі қылған.

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба осыдан 3-4 күн бұрын түсірілген. Қазір қызыл оттың жалыны басылғанымен, қоқыс түбінен бықсып, түтіні ауаға тарап жатыр. 5 гектарды алып жатқан қоқыс полигоны биылдың өзі 4-ші рет өртеніпті. Жергілікті тұрғындар күндіз күннің ыстығынан, кешке қоқыстың бықсығынан далаға шығып, ауа жұтудан қалдық дейді. Жыл басынан бері Жетісу облысында 13 қоқыс жинау орынында өрт тіркелген. Өрт сөндіруші мамандардың айтуынша, арнайы айыппұл хаттамалар толтырылған. Ал аталған жағдайға қатысты ТҮКШ бөлім басшысы мәселе жақын арада түбегейлі шешіледі деп сендірді.

Қуаныш Жұмат, Көксу аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Қоқыс орны салынғанда бұл жерде мектеп болмаған. Яғни, ол жер заң талаптарына сай жасалған. Ал мектеп салынған соң біз былтырдан бері орын іздеп таптық. Сол жаққа енді ауыстырамыз. Бұл жер толық жабылып қоқыстар жойылып, тегістеліп ол жерге енді мусор төгілмейді.

Дамир Нұрмұхамед

Автор
Редакция
Бөлісу