Министрлік: ҚҚС баспана бағасына айтарлықтай әсер етпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Министрлік: ҚҚС баспана бағасына айтарлықтай әсер етпейді

Министрлік: ҚҚС баспана бағасына айтарлықтай әсер етпейді

Қосылған құн салығы ірі қалалар мен сұраныс жоғары өңірлердегі баспана бағасына айтарлықтай әсер етпейді. Өйткені, тұрғын үйдің шаршы метрі қазір өз құнынан әлдеқайда жоғары сатылып жатыр. Яғни, салықтың аталған түрі компаниялардың пәтердің әр шаршы метрдің үстінен көріп отырған пайдасы есебінен төленуі мүмкін, дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері. Ал, тұрғын үйге сұранысы төмен өңір тұрғындары қосылған құн салығының салмағын сезінеді. Биыл баспана бағасы 4-5 пайыз шамасында өсті. Құрылыс материалдарының 80 пайызы өзімізде өндіріледі, бірақ соған қарамастан үй бағасы қымбаттап жатыр. Мұның себебін жауапты министрлік өкілдері былай түсіндірді.

 Бақытжан Жүнісбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің комитет төрағасы:

Бүгінде бізде баспана, тұрғын үй нарығы мемлекет тарапынан қадағаланбайды. Сондықтан сұранысқа қарай пәтер бағасы да қымбаттай береді. Бұл орайда мемлекет тұрғындарға арзан несие мен түрлі ипотекалық бағдарламалар ғана ұсына алады.

Нұрсұлтан Тілектес

Автор
Редакция
Бөлісу