Жаңақорған ауданындағы көпбейінді орталық ауруханаға қосымша ғимарат салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жаңақорған ауданындағы көпбейінді орталық ауруханаға қосымша ғимарат салынып жатыр

Жаңақорған ауданындағы көпбейінді орталық ауруханаға қосымша ғимарат салынып жатыр

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы көпбейінді орталық ауруханаға қосымша ғимарат салынып жатыр. Нысан пайдалануға берілген соң ауданда бұрын болмаған МРТ және ангиограф аппараттары іске қосылмақ.

Қызылордаға барған Сенат депутаты Руслан Рүстемов құрылыс барысын көрді. Ауруханада 15 орындық инсультті бөлімше ашылады. Осылайша, аудан халқы Жаңақорғаннан алысқа ұзамай-ақ толықтай медициналық тексеруден өте алады.

 Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл диагноздарды ерте анықтауға, аурушаңдықты алдын алуға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Барлық қаражаттары ғимараттың жүргізілуіне толық бөлініп отыр. Сондықтан сапалы аяқталады деген үмітіміз бар.

Ал, былтыр Байкенже ауылында 150 орындық мектеп пайдалануға беріліп, ең өзекті мәселе шешімін тапты. Енді, тұрғындар елді мекенге көгілдір отын тартылса дейді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар басталып кетті дейді жауыптылар. Сондай ақ, сенатор аудан орталығында тұрғындармен кездесіп, талап-тілектеріне құлақ түрді

Қозы Көрпеш Жасаралұлы

Автор
Редакция
Бөлісу